Спорт

“Қызылжардың” өз алаңындағы кезекті жеңісі

 

 

Алаңға шыққан аяқ доп шеберлері бірден қызу тартысқа түсті. Жергілікті құрама өздерінің мықты екендерін бірден көрсетіп, көрермендерге ойынның 5-ші минутында-ақ алғашқы голды сыйлады. Қақпа кілтін қызылжарлық легионер Давити Чагелишвили тапты. Есепті теңестіру қамында қарсылас бірден қарымта шабуылға басты. Алайда талпыныстары нәтиже бере қоймады. “Іле Сәулет” құрамасы бапкерінің спортшыларды алмастыру әрекетінен де түк шықпады. Қонақтар жағдайды оңалту үшін ереже бұзуға да барды. Дөрекілік танытқан 5-ші нөмірлі ойыншы алаңнан қуылды. Ал, жергілікті команданың ойын өрнегі солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шығуда.

 

– Ойыншыларымыз жақсы ойнауда. Биыл турнир кестесінің 4- ші сатысында. Әлі де үздіктер құрамынан көрінеді деген ойдамын

– 1- ші тайм қортындысы көңілімнен шықты. Команда жақсы ойын өрнегін көрсетуде.

 

Үзілістен кейін «Іле сәулет» құрамасы тартысты 10 ойыншымен жалғастырды. Сөйтіп, алғашқы кезеңде кеткен есені қарсылас команда 2- ші таймда қайтаруға тырысты. Ойының 65-ші минутында қарсыластардың ұрымтал сәтін пайдаланған “Қызылжар-СК”-ның жігіттері есепті еселеді. Бұл гол да жауапсыз қалды. Кездесу 2-0 есебімен аяқталды.

 

Эдуард Троменшлегер, «Қызылжар СК» ФК жартылай қорғаушысы:

– Ойынға шығып, бірден гол соққаныма қуаныштымын. Бұл командаға да, көрермендерге де дем берді деп ойлаймын. Қарсыластар мықты болды. Дегенмен, намысқа тырысып бақтық.

 

7 тамызда жергілікті аяқдоп шеберлері өз алаңында Қарағанды қаласының «Гефест» командасын қабылдайды.

 

Мағжан Ахмадина