ТКШ

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің үштен бір бөлігінде жылу есептегіш бар

 

Коммуналдық қызметтерді есептейтін құрылғылар облыс орталығында 1996 жылдан ендіріле бастапты. Жылу элеваторының торабына жанамалай орнатылатын қондырғы 17 жылда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде әбден жетілдірілген жабдық жұмсалатын жылудың көрсеткішін өлшеумен ғана шектелмейді. Өңір энергетиктері тасымалдайтын өнімді үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен көктем, күз айларында жылуды реттеп, қалыпты температураны ұстап тұруға болады.

 

Анатолий Мишин, Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Біз 170 үйде жаңашылдықтың тиімділігін зерттеп көрдік. Тәжірибе көрсеткендей, бұл баспаналардың тұрғындары орта есеппен жылудың шаршы метріне 63 теңгеден төлейді. Сынаққа тартылған кейбіреулері тіпті одан да аз бағамен есеп айырысатын болды. Ал, есептегіш құрылғыларын орнатпағандары сараланған тарифтің өзінде шаршы метріне 81 теңге жұмсайды.

 

Тамара Терновская тек пайдаланған коммуналдық қызметтің құнын өтеуге дағдыланып алған. Ол төрағалық ететін Абай көшесі, 66 мекен жайындағы 60 пәтерлі баспана иелерінің есептегіш құралының көмегіне жүгінгендеріне 4 жыл болыпты.

 

Тамара Терновская, “Светличек” ПИК төрайымы:

– Пәтерлерге келетін жылуды қажетінше төмендетудің арқасында біраз үнемдедік. Құрылғы нақты жұмсалған жылуды тайға таңба басқандай анық көрседі. Орташа тариф 48 теңгені құрады. Жылы күндері тіпті 15-20 теңгеден шығып отырды. Осылайша, жабдықталудың арқасында қалтамыздан қаражат бекер шықпайтын болды.

 

Ал, оған әлі қол жеткізбегендеріне жылудың бағасы 20 пайызға қымбатқа түсуі мүмкін.

 

Мағауия Сағындықов, “Севказэнергосбыт” ЖШС директоры:

– Біз ондай ұсынысты былтыр жасағанбыз. Қазір ол тариф табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қарауында жатыр. Бұл жүйе еліміздің бірқатар елдерінде сәтті жүзеге асуда. Ең алдымен, тұтынушылардың өздеріне қажет шаруаға осылайша үндемесе болмайды.

 

Үкімет ресурсты үнемдеуді қолға алғалы қашан. Бұл – біріншіден, қызметтің далаға кетпей, ысыраптың орнын толтыру үшін жүзеге асып жатқан мәжбүрлі шара.

 

Нелли Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:

– Ведомство басшысы есептеуіш құрылғыларын монополистердің есебінен орнату жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Қазір бұл шаруаға жұмсалатын қаржы көздерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Егер де тұрғындар өздері қойып алса, еш нәрсе жоғалтпайды. Қаулы шығысымен шығындары толықтай өтеледі.

Жылыту желісіне аталмыш жабдықты қосу үшін тұрғындардың 3/2 өз келісімдерін берулері тиіс. Алайда баспана иелерінің көпшілігі ниет танытар емес. Бүгінде есептегіш құрылғысы тұтынушылардың тек 27,7 пайызында ғана бар.

 

Жеңіс Ермұқанов