Құқық қорғау органдары

Көші-қон полицейлері борышын өтемегендерді іздеуде

 

Көші-қон полициясының қызметкерлері мемлекеттік борышкерлер мен алимент төлемегендерді іздестіру жұмыстарын жиі ұйымдастырады. Осылайша, олар сот тәртібімен бекітілген міндеттемелерді атқармаған құқықбұзушылардың тұрғылықты мекен жайын анықтайды.

Борышты қайтармаудың себебі әр түрлі. Мәселен, мына 35 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны жолда жүру ережесін бұзып, айыппұлды  төлемеген. Сол үшін іздеуде жүр екен. Борышкер табылғаннан кейін полицейлер оның мекен жайы туралы мәліметті сот орындаушыларына тапсырады. Ал, олар өз кезегінде құқықбұзушыларға жауапкершіліктерін түсіндіреді. Қарызгерлерді іздестіру шарасы облыста әлі жалғасады. Кезекті акцияны келесі айда өткізу жоспарланып отыр.

 

Данаш Хамзина