38 жылдық тарихы бар Большая Малышка орта мектебінің тозған ағаш терезелері қақаған қыстың суығынан қорғайтын заманауи түріне алмастырылуда. Бұл мақсатқа «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 10 млн 332 мың теңге бөлінген. “Политех Стройсервис” ЖШС шаруаның 25% тындырып тастаған. Мердігер жөндеу жұмыстарын 15-тамызға дейін толығымен аяқтаймыз дейді.
Виталий Кладинов, “Политех Стройсервис” ЖШС шебері:
-Біз маусым айының 10-ынан бастап өз жұмысымызды бастап кеттік. Барлығы 11 адам еңбек етуде. Бұл терезелердің сапасы өте жақсы. Ылғал мен шу өткізбейді, өте берік.
Қазіргі таңда білім ошағында қазандық күрделі жөндеуден өтіп, 680 тонна көмір әкелінген. Қыстың қамын жаз ойлайтын мектеп әкімшілігі суықты қарсы алуға бүгіннен-ақ сақадай сай. Мұнда сыныптарды сырлау, жарық шамдарын ауыстыру жұмысы да жүргізіліп жатыр. Ендігі қалғаны дәліздерді – қалпына келтіру. Мектепте оқушыларға сапалы білім беру де жақсы жолға қойылған.
Наталья Машкина, Большая Малышка орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:
– 2013 жылдың қаңтар айынан бастап біздің мектеп электрондық білім беру жүйесін қолға алуда. Бізге 14 миллион теңгенің жаңа компьютерлері мен жихаздар әкелінді. Бұл балалардың сапалы білім алуына өз септігін тигізеді.
Мектептің ауласы да жазғы демалыс уақытында тың өзгерістерге ұшыраған. Оқу мекемесінің айналасы жасыл желек, сан алуан гүлдерге толып-ақ тұр.
Біржан Қойшыбаев, тілші:
–Биыл Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында балаларға арнап құны 650 мың теңге тұратын ойын алаңы құрылған.
Біржан Қойшыбаев