Ауыл шаруашылығы

“Жаңа дала-2013″ Қазақстанның егіс алқабы күні” мамандандырылған көрмесі

 

 

Көрмеге еліміздің жер-жерінен 1500-ден астам отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысуға бел буыпты. Ауқымды шара шілде айының 25-27 күндері Ақмола облысындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының тәжірибе көрсету алқабында өтетін болады. Көрменің аумағы 20 Га жер болмақ. Жер емген әр шаруашылыққа озық техника мен тың технологиясының артықшылықтарын тікелей алқапқа дән сіңіріп көрсетуіне мүмкіндік жасалады.

 

Болатбек Мұқашев, “Қазагромаркетинг” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– Танап басында жоғары сұрыпты ауыл шаруашылығы дақылдарының түр-түрі егілді. Қатысушылар шығымына сәйкес өздеріне қалаған тұқым түрлерін таңдай алады. Сондай-ақ, отандық және шетелдік тыңайтқыштар мен тың технологиялық үрдістердің мүмкіндіктері іс жүзінде көрсетіледі.

 

Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығындағы жоғары өнімді техниканың сан алуан түрі көрсетіледі. Жергілікті агроқұрылымдардың сенімін иеленген Ресей, Германия, Ұлыбритания елдерінің өкілдері соны кешендерін ұсынбақ. Бір сөзбен айтқанда, ғылым мен тәжірибе ұштасатын “Жаңа дала-2013 – Қазақстанның егіс алқабы күнінде” кез-келген талғамына сай керегін табады.

 

Болатбек Мұқашев, “Қазагромаркетинг” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– Бұл, біріншіден, тәжірибе алмасу үшін керек. Сәтті жүзеге асқан бастамаларды өз шаруашылығында ендіру мүмкіндігі жасалады. Көкейкесті мәселелерді шешу жолдары ұсынылады. Көрме екі жаққа тиімді әріптестік орнатудың таптырмас жолы.

 

Шараның бірінші күні Ақмола, келесі күні солтүстікқазақстандық, соңғы күні қостанайлық диқандардың игілігіне арналмақ.

 

Жеңіс Ермұқанов