ТКШ

Береке ауданында көппәтерлі жаңа үй тұрғызылды

 

80 пәтерлі коммуналдық- жалдамалы үйдің құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Бүгінгі таңда баспана 90 пайызға дайын. Сылақшылар қазір ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Любовь Карамышева «Основание» ЖШС-де 7 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның бригадасында 13 адам еңбек етеді.

 

Любовь Карамышева, «Основание» ЖШС сылақшылар бригадирі:

– Мұнда пәтерлердің еденін сырлау ғана қалды. Содан кейін 3-ші подъезге ауысамыз. Жұмыс күші жеткілікті. Жалақымыз уақытылы төленіп тұрады.

 

Аумағы 4 284 шаршы метр баспана құрылысына 70-ке жуық құрылысшы жұмылдырылған. Мұнда үйдің ішінде ғана емес, сыртында да қызған жұмыс. Газ құбырлары тартылып, есік алды абаттандырылып жатыр.

 

Вадим Шафеев, «Основание» ЖШС шебері:

– Жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Үй тамыз айының соңына жақын тапсырылады. Әлі есік алдына асфальт төсеп, балалар алаңқайын орнатамыз.

 

Бүгінде қала бойынша 8 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр екен. Алдағы уақытта осы ауданда бұдан басқа тағы 90 пәтерлі үй қолданысқа беріледі.

 

Мағжан Ахмадина