Билік

Аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық және селолық округтер әкімдері қызметінен үміткерлер тізімі жасалуда

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкімдер сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылып, нақты іс-қимыл жоспары жасалды. Облысымызда маңызды науқанға дайындық қыза түсті. Бүгінде аудандық мәслихат депутаттарының таңдауына түсетін үміткерлердің тізімі бекітілуде.4 жылға лауазымды қызметке сайланамын дегендер шілденің 22-не дейін тіркеле алады. Кейін үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылмақ. Үміткер¬лер сайлауға өзін-өзі ұсына алмайды. Кандидат аудан әкімдері және жергілікті қоғамдық қауымдастықтармен келісімді түрде іріктеледі. Бүгінде әр округке жетекшілік етуге орта есеппен үш адам ниет танытуда.

Тағы бір айта кететін жайт, ауыл әкімдері, енді саяси емес әкімшілік мемлекеттік қызметші болып, аудандағы бөлім басшыларымен тең дәрежеде қызмет атқарады. Өкілеттік әлеуеті кеңейтілгенімен ауылдың бетке ұстарына артылатын жүк жеңіл болмайды. Қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылады. Және бюджеттік бағдарламалардың әлеуетін толық пайдаланатын болады. Жыл сайын өзінің іс-шаралар жоспарын бекіту міндеттеледі. Әрине, ел игілігінің қамында.

 

Жеңіс Ермұқанов