ТКШ

1,5 млрд теңгеден астам қаржы өңірдегі коммуналдық объектілерді қалпына келтіруге бөлінді

 

Облыстағы желілердің тозуы 70% құрап отыр. Сондықтан да “Аймақтарды дамыту бағдарламасы” бойынша коммуналдық нысандарға биыл 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Ол республикалық және облыстық қазынадан бөлінді. Қаражатты игеруге өңір кәсіпорындары уақытылы кірісіп кетті. Бүгінде Петропавлдағы кәріздік-тазарту жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда

 

Хасип Сюникаев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-4 кезеңдегі жөндеу жұмыстарына 3,8 млн теңге қажет. Биыл 400 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру бойынша байқау жарияланды. Тамыздың бірі қорытындысы белгілі болады.

 

Караван көшесі бойындағы жол өткелін қалыпқа келтіру үшін 100 млн теңгеден артық қаражат бөлу көзделіп отыр.

 

Хасип Сюникаев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Үкімет қолдау көрсетті. Облыс әкімінің өтінішімен бастапқы жұмыстарға қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы қажетті материалдар әзірленеді.

 

Сонымен қатар, “Бизнестің жол картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 400 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Кәсіпкерлердің өтініштері бойынша Бензострой шағын ауданы мен Кірпіш зауыты маңындағы жолды жөндеу жоспарланып отыр. Елді мекендегі іскер жандардың  өтініштері де назардан тыс қалмайды.

 

Хасип Сюникаев, СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Қызылжар ауданында “Әділ құс” ЖШС-не жол және сумен қамтудың ішкі желілері тартылады. Ғ.Мүсірепов ауданындағы шаруа қожалығына ішкі желілер мен электр желілері тартылды. Бұндай жұмыстар М.Жұмабаев ауданы Бәйтерек ауылындағы мал өсіру кешенінде де жүргізіледі.

 

Сондай-ақ, өткен жылы тындырылып үлгермеген шаруа биыл атқарылуда. 2013 ж. жылу желілерін жөндеуге 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

 

Айдана Демесінова