Құқық қорғау органдары

Жеңіл көлік орға құлады

 

 

 

 

Абай көшесіндегі сумен қамту құбырларының жөнделіп жатқанына бір айдан астам уақыт болды. Сәйкесінше, бұл жерде ескерту белгілері қойылған. Алайда мұны байқамаған “Toyota” автокөлігінің 25 жасар жүргізушісі жылдамдықты асырып, көлігімен 2 метрлік орға түсіп кетті.

 

-Сол жақпен келе жаттым, 50 шақырым жылдамдықпен, кенет шұңқырды көрдім, машина құлап кетті. Жанымда машинаның иесі отырған.

– Сіз ішімдік қолданған жоқсыз ба?

Жоқ.

 

Сөйтіп аударылған көлік суға батып кетті. Ал  машинадағы жүргізуші мен жолаушы өздері құтылып үлгерген. Апат болған жерге келген жол полициясының қызметкерлері көлік пен ескерту белгілерін жиекке алып шықты. Абырой болғанда, жолаушылар аман. Полицейлердің айтуынша, темір тұлпар иелерінің абайсыздығынан осындай жол-көлік оқиғалары жиі орын алады екен.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:

-Жол апаты орын алған жерде бетоннан қоршаулар орнатылды. Ауа райының нашарлығынан жол белгілерін жүргізуші көрмегендіктен байқамай құлап кеткен.Дәл осындай жол апаты былтыр Петропавл қаласындағы Пушкин көшесінде болды, БМВ автокөлігі жүргізушісімен шұңқырға құлады.Абырой болғанда аман қалған.

 

Жыл басынан облыста 154 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 24 адам көз жұмса, 200-і жарақат алды.

 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен Майгүл Қажжан әзірледі