Құқық қорғау органдары

«Мотоцикл» акциясы

 

Қала көшелерінде ызғытып жүрген мотоцикл жүргізушілері шектен шыққан сыңайлы. Түн ауа олар зуылдап, тұрғындарға ұйқы бермей, мазасын қашыратын көрінеді. Жол сақшылары 3 күндік «Мотоцикл» акциясымен бұзақыларды тәртіпке шақыруға шықты.

 

Сайлаубек Мусин, СҚО ІІД ЖПБ бастығының міндетін атқарушы:

-Соңғы кездері мотоциклмен әуестенетіндер көбейіп кетті. Кейбіреулері тіпті, жолда жүру ережесін сақтамайды. Тиісінше, тұрғындардан бізге келіп-түсетін арыз-шағым да жиіледі.

 

Мотоцикл жүргізгендердің бірі құрықталды. Ол көлігіндегі мемлекеттік нөмірді аударып қойған. Дмитрий Резницкийге қатысты оқылмайтын нөмір үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемек.

 

Дмитрий Резницкий:

Жолда жылдамдықты асырмаған жөн. Өйтпеген жағдайда апатқа ұшырап, қатты дене жарақатын алуға болады.

 

3 күндік рейд барысында түрлі себеппен жол ережесін бұзған 5 адам әкімшілік жазаға тартылып, біреуінің қос дөңгелекті көлігі – айып тұрағына қойылды. Оның иесінде жүргізу куәлігі болмай шықты.

 

Берік Қасен