Балалар

Сауықтыру лагерьлерінде 3-ші маусым басталды

 

 

Танымдық әңгіме барысында лагерь аумағындағы судың, астың тазалығы және жеке гигиенаны ұстану тәртібі түсіндірілді. Осындай әңгімелерді тазалық пен денсаулық сақшылары сауықтыру орындарында әр маусымның ашылуында жүргізеді екен.

 

Татьяна Белицкая, Петропавл қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бөлім басшысы:

-Жаз бойы “Ақ қайың” және “Достық” лагерьлерінде 2100 бала, ал, мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында барлығы 3500 оқушы демалады. Мұнда жатын бөлмелер мен асүйдің тазалығын, тамақ пен судың сапасын жиі келіп тексеріп тұрамыз. Сараптамалық жұмыстар жүргіземіз.

 

Мұнда балалардың демалып, денсаулығын шыңдауына гигиена жағынан барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты күн тәртібі құрылыпты. Оқушылар таңертен тұрып күн батареяларының көмегімен жылынған сумен жуынады. Таңғы астарын ішіп, түрлі қызықты ойындар ойнайды. Мамандар лагерьлер таза, тамақ сапасы жақсы дейді.

 

Қаженова Сабина:

– Мен «Ақ қайың» сауықтыру лагеріне бірінші рет келдім.Маған лагерьде өте ұнайды.Бізге асханада өте жақсы тамақ береді.Күнде әртүрлі қызықты ойындар ойнаймыз.Мен жаңа достар таптым.Біз жеке гигиенамызды сақтаймыз.Біз өзіміздің жеке гигиеналық заттарымызды өзімізде сақтаймыз.Маған бүгінгі әңгіме өте ұнады.Біз жеке гигиена жайлы көп мағлұмат білдік.

Қуанышпай Ансар:

– Маған «Ақ қайың» сауықтыру лагерінде ұнады.Мен өзіме жаңадан көп дос таптым.Бізге бүгін гигиена туралы мәліметтер берді.Бізде өзіміздің тіс пастамыз, орамалымыз бар.

 

Айта кету керек, лагерьге тез бүлінетін кондитерлік өнімдерді, газдалған сусындарды, фасфуд тағамдарын әкелуге тыйым салынған.