Қоғам

Петр және Павел апостолдар күні атап өтілді

 

 

Әулие Петр және Павел апостолдар шіркеуінің маңында жүздеген адам жиылды. Олар шеруге қатысып, Құдайға құлшылық етпек.

Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні Петропавл қаласының басты көшелерінде шеру өтеді. Ол апостолдар соборынан бастау алды.

Процессия көшелердің әр қиылысында тоқтайды. Бастысы – қаланы қасиетті сумен тазалау.

Бұл рәсім Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алаңында жалғасты. Мұнда православ сенімдегілер өз тілектерін жолдады.

 

– Бұгін үлкен мереке. Біз барлығыңызға денсаулық, бақыт тілейміз.

– Денсаулық, өркендеу тілеймін.

 

Ал, Людмила Долгополова крест шеруіне арнайы қатысу үшін Ресейден келіпті. Ол Петропавлда туып-өскен. Кейін жұмыс істеу үшін Ресейдің Түмен облысына көшкен екен.

 

Людмила Долгополова:

-Бүгінгі күн мен үшін өте маңызды. Өйткені, бұл әулиелер Иса Пайғамбармен жүздескен, әрі қасиетті кітаптар жазған.

 

Осыдан кейін лек Есіл жағасындағы крестке жол тартты. Мерекелік шара Петр мен Павел әулиелер ғибадатханасында аяқталды.

 

Айдана Демесінова