Құқық қорғау органдары

Теміржол бойындағы тәртіп сақшылары жартыжылдықты қорытындылады

 

Теміржолдағы алғашқы оқыс оқиға ағымдағы жылдың 18-ші қаңтар күні тіркеліпті. 84 жастағы қария жолды белгіленбеген жерден өтпекші болған кезінде қатты жарақат алған. Полицейлер мұндай жағдайлардың көбінде тұрғындардың өздері кінәлі дейді.

 

Ерлан Тасымов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы:

– Жарақат алудың екі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда рейдтік шаралар күшейтілген түрде жүргізілуде. Олар оқыс оқиғалардың алдын алуға септеседі деген ойдамыз.

 

Жарақат алғандардың ішінде балалар жоқ. Жыл басынан теміржол вокзалы аумағында 10 ұрлық және алаяқтық фактісі тіркеліп, 2 қылмыстық іс қозғалған. Әкімшілік құқықбұзушылықтың саны – 1378, оның 612-сі теміржолды белгілінбеген жерден өтуге байланысты. Өз-өзіне қол жұмсаудың 2 фактісі бар.

 

Мағжан Ахмадина