Бизнес және экономика

Петропавлда теміржолмен жүк тасымалдау проблемалары талқыланды

 

Жиында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының  қызметін пайдаланатын азаматтар қордаланып қалған сауалдарын жолдады. “Севказэнерго” АҚ-ң өкілдері жүк вагондарының техникалық және санитарлық жағдайын сұрастырды.

 

Руслан Бачаев, “Севказэнерго” АҚ инженер-энергетигі:

-2-ші жылу-электр орталығы сатып алған көмірді сіздің вагондарыңызбен тасиды. Сонда алдыңғы жүктен қалдықтар қалатынын аңғардық. Бұл бізге шығын әкеледі. Осыған қатысты шағымды көмірді жеткізуші мекемеге жасаймыз. Алайда, олар вагонның дұрыс тазаланбайтынын айтып ақталады.

 

Мамандар бұл мәселені дер кезінде шешу керек дейді.

 

Ғосман Тәженов, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Ақмола жол бөлімшесі филиалы басшысының орынбасары:

-Ттасымалдау ережелері бар. Соған сәйкес тауарды қабылдаған уақытта осындай проблема туындаса, акт толтыру керек едіңіздер. Сонда қай мекеме кінәлі екені анықталар еді.

 

Бірнеше күн бұрын дәл осындай жиын Көкшетау қаласында ұйымдастырылыпты. Мұндай шаралардың берері мол дейді ақмолалық мамандар

 

Ғосман Тәженов, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Ақмола жол бөлімшесі филиалы басшысының орынбасары:

-Кәсіпкерлердің қойып жатқан сұрақтары орынды. Мұның барлығын алдағы уақытта ескеретін боламыз. Сондықтан да бұл кездесулер маңызды.

 

Жалпы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Ақмола облысындағы теміржол бөлімшесінде 65 станция бар. 55-інде астық қабылданады. Оның 36-сы СҚО-нда орналасқан.

 

Айдана Демесінова