Салық басқармасы

Электрондық салық төлеудің артықшылықтары

Уақыт үнемделіп, ұзын-сонар кезектер артта қалды дейді Людмила Бирюзова. Азаматшаның салық органына тоқсан сайынғы есепті электрондық нұсқада тапсырып жүргеніне 6 жыл. Ол үшін Петропавл салық басқармасынан криптографиялық кілтін алған екен.

 

Людмила Бирюзова, “Таева” ЖК есепшісі:

-Үйде компьютер бар. Арнайы бағдарлама болғандықтан, декларацияны үйде отырып жіберемін.

 

Бұрын салық есебін тапсырарда біраз күн жұмсалатын. Енді бұл үшін бірнеше минут қана қажет. Есесіне, барлық үрдісті он-лайн режимінде бақылауға болады.

 

Татьяна Гетман, жеке кәсіпкер:

-Ыңғайлы. Қажетті құжаттарды сатып алмайсың. Электрондық нұсқада қателерді де оңай түзеуге болады.

 

Бүгінде Петропавлдағы салық төлеушілердің 85 пайызы салық есебін электронды түрде тапсырады. Өйткені, оның артықшылығы мол

 

Лилия Әбілева, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы:

-Бұл әлемдік тәжірибе. Ол салық төлеушінің салық органы қызметкерімен кездесуін барынша азайтып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

 

Сәуірдің 16-нан мұнда жеке кәсіпкерлерге арналған семинарлар өтуде. Тренингте салық есебінің формасын дұрыс толтыруды үйретеді.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы:

-Семинар апта сайын сейсенбі және жұма күндері өтеді. Жыл басынан осындай 16 жиын ұйымдастырылды. Оған 170-тен астам адам қатысты. Онда салық төлеушіге керек бар мәлімет түсіндірілді.

 

Бүгінде қаладағы салық төлеушілердің 12% ғана декларацияны қағаз жүзінде тапсырады.

 

Айдана Демесінова