Балалар

Құтқарушылар сауықтыру лагерьлерінде арнайы сабақ ұйымдастырды

 

“Ақ қайың” және “Достық” балалар лагерьлерінде жазғы демалыстарын өткізіп жатқан жеткіншектер дендерін сауықтырып қана қоймай, сонымен қатар апаттық жағдайларды болдырмау амалдарын да үйренеді. Мұнда оқушылар арасында осындай сайыстар жыл сайын өткізіледі. Құтқарушылардың айтуынша, бұл төтенше жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді.

 

Айгүл Әбділманова, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері:

-ТЖД – і Петропавл қаласы ТЖ басқармасымен бірге жыл сайын осындай шараларды балаларға арнап жасайды. Бүгінгі біздің шарамыз спорттық эстафета Астананың 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

 

Эстафетаға қатысушылар «торнадо», «тайфун», «от», «найзағай» деп аталатын 4 топқа бөлінді. Әр топ өздерін таныстырып, түрлі викториналық сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, балалар өрт сөндірушілердің газқағарымен де танысты.

 

Жанэль Тілегенова, эстафетаға қатысушы:

-Мен «Торнадо» командасының мүшесімін.Біз эстафеталық ойын ойнадық.Маған өте қатты ұнады.Біз противагазды киюді үирендік.

 

Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.