Без категории

“Петропавл: даталар, оқиғалар, адамдар”

Михаил Морозов Петропавл қаласында 8 жылдай тұрған. Целиноград медицина институтын тәмамдаған. Өмірін адамдарды емдеуге арнаған ол  кейін Петропавл қаласы туралы кітап жазуды қолға алыпты.

 

Михаил Морозов:

Санкт-Петербор қаласында Петропавл туралы біраз мағлұмат жинадым. Тарихи оқулық жазған адамдардың еңбектерін байқап, жазу жобасымен таныстым. Кейін Петропавлға келіп, мұндағы мұражайдан, мұрағаттан біраз деректерді жинақтадым. Осылайша бір ретке келтіріп, кітап жазып шықтым.

 

М.Морозов облыс орталығының тарихынан сыр шертер 4 еңбекті жарыққа шығарыпты. Тамара Роднаяға автордың туындылары жақсы таныс. Жерлесіміз оның әр кітабын бүге-шүгесіне дейін оқыған. Еңбекте тарихи деректер мол, әрі жүйелі жазылған дейді ол.

 

Тамара Родная, “Русская община Казахстана” ҚБ мүшесі:

-Кітаптағы ақпарат шынайы. Өйткені, материалдар мұрағаттардан алыныпты. Оқушылар бұл еңбекті ғылыми жобаларында пайдаланған. Жалпы, оқулықтың маңызы орасан. Өйткені, қала тарихымен қатар оның дамуы да баяндалады.

 

М.Морозовтың медицина саласына қосқан үлесі де зор. Автор бұл бағытта 10-нан астам кітап жазыпты

 

Айдана Демесінова