ТКШ

Облыс орталығында жаңа жылыту маусымына әзірлік жұмыстары жүріп жатыр

 

Қыстың қамын жаз ойлаған Шухов көшесі, 12 мекен жайындағы “Березка, 12” ЖПИК дайындықты шілденің басынан қолға алыпты. Бүгінде бұл көпқабатты баспана қысқа сақадай сай тұр. Ең бастысы, құбырлар жуылып-шайылып, тексерілген. Одан өзге олқылықтар жоқ дейді тұрғындар. Зәуре Байзақованың осы үйде тұрғанына 13 жылдан асқан. Бұл үйдің тұрғындары қауырт кезге қамдануға жауапкершілікпен қарайды. Осы уақытқа дейін жылыту маусымына әзірлікте шикілік болған емес дейді Сұлушаш Серғалиева. Шухов көшесі, 12 мекен жайындағы 5 қабатты үйде 119 пәтер бар. Баспана 1976 жылы тұрғызылған.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қадағалау бойынша облыс орталығында арнайы штаб жұмыс істейді.

 

Анатолий Мишин, тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау бойынша штабтың төрағасы, Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

-Тәжірибе көрсеткендей, тұрғындардың 40-50 пайызы қысқа дұрыс дайындалмайды. Жылу берушілер өз ұсыныстарын білдірсе, біз олқылықтарды түзейміз. Бір қуантарлығы, бұған дейін қысқы әзірлікке селқос қарағандар қазір қызу кірісіп кетті. Мұндай 150 үй бар.

 

Бүгінде қаладағы көпқабатты үйлердің 25 пайызы жылыту маусымына дайын. Негізінде петропавлдықтар қысқа әзірлік жұмыстарын қазанның 1-не дейін аяқтауы қажет.

 

Бану Ахметова