ТКШ

Газ берушілер қысқа әзірленіп жатыр

 

Фарил Насыровтың “Горгаз-сервис” ЖШС- де еңбек еткеніне 10 жылдан асқан. Газ таратушы нысандарда әр 5 жылда диагностика жүргізілсе, 10 жыл сайын олар кешенді тексеру жұмыстарынан өтеді дейді білікті маман. Мына газгольдердің жұмыс жасағанына 33 жыл болыпты. Бүгін бұл жерде 4 адамнан құралған арнайы топ қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Фарил Насыров, «Горгаз-сервис» ЖШС ұстасы:

-Мұндай жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп тұрады. Газгольдерлердің іші тазаланып, барлық құрылғылары тексеріледі.

 

Бүгінде “Горгаз- сервис” кәсіпорнының орталықтандырылған желісіне 55 мың тұтынушы қосылған.

 

Владимир Ахметов, «Горгаз- сервис» ЖШС шебері:

– Аталмыш жұмыстар тұтынушыларды сапалы көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жасалады. Апаттық жағдайлардың да алдын алуына септеседі.

 

Қала бойынша 360 газгольдер орнатылған. Бір маусымда солардың 216-сы тексеруден өтеді деп жоспарлануда.

 

Мағжан Ахмадина