Мәдениет

«Сахнадан сәлем» театр фестивалі

Театр ұжымы бірқатар қойылымын бейнетаспаға түсіріп, Елордаға жіберіпті. Жергілікті актерлердің өнері жоғары бағаланған. Олар Астананың 15 жылдығына арналған фестивальге шақырту алды. Апаратын қойылымды солтүстікқазақстандықтар біраз таңдаған көрінеді. Ақыр соңында астаналықтарды «Ключ для двоих» спектаклімен таң қалдыруға бел буыпты

 

Тимур Кәрімжанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

-Фестивальде комедиялық туындыны ұсындық. Таңдауымызда қателеспеген сияқтымыз. Өйткені, «Ключ для двоих» қойылымы көрерменнің көңілінен шықты.

 

Елорда сахнасында өнер көрсеткен актерлер де жақсы көңіл күймен оралды.

 

Татьяна Терлецкая, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы:

-Өзге актерлермен танысып, араластық. Жалпы фестиваль жақсы өтті. Астаналықтар құшақ жая қарсы алды.

 

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының ұжымы фестивальде грамотаға ие болды. Алайда, басты марапат – ол астаналық көрерменнің ыстық ықыласы дейді жерлестеріміз.

 

Сергей Орлов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Алматыдан және Литвадан келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Біздің актерлеріміздің кейіпкерлерді сомдау шеберлігі, олар сахналанған қойылым көрерменнің жүрегіне жол тапты. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе.

 

«Сахнадан сәлем» атты аймақтық театрлар фестивалі шілденің 7-сі аяқталады.

 

Айдана Демесінова