Қоғам

Депутаттар сайты ашылады

Барлық деңгейдегі мәслихаттарда арнайы сайт ашылмақ. Ол депутаттардың тұрғындарға біртабан жақын болуына жол ашып, онлайн режимінде қордаланған мәселелерді шешуге, проблемаларды талқылауға жол ашпақ.

 

Сергей Худяков, Жергілікті өзін-өзі басқару институтының директоры:

– Халық қалаулылары халықпен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Ал көп уақытта ол мүмкін болмай жатады. Сондықтан арнайы сайт құрылса, тұрғындар сол жерде өз пікірлерін білдіріп, бұйымтайларын айта алады.

 

Айталық, осындай сайт көршілес Павлодар облысында жұмыс жасап жатыр. Онда қажетті барлық ақпаратты алуға болады. Солтүстікқазақстандықтар да осындай әдістің тиімді болатынын айтуда.

 

Бейбіт Мұқанов, облыстық мәслихат аппаратының басшысы:

– Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жұмыстар көптеп жүктеледі. Олар осындай семинарларда талқыланады. Ал, келешекте арнайы сайт ашылса, мәселені сол жерде шешуге мүмкіндік туады.

 

Семинарға қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға байланысты заңнамадағы өзгерістермен де танысты.

 

Мағжан Ахмадина