Денсаулық сақтау

Денсаулық аллеясы

 

Қала тұрғыны Александр Кузурман “Денсаулық аллеясы” акциясында дәрігерлерге өз денсаулығын тексертіп алды. Оның артериялық қысымы кейде жоғарылап кетеді екен.

 

Александр Кузурман, есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директорының орынбасары:

-Мен мұнда артериялық гипертензия қалыптылығын өлшеуге келдім. Жалпы, іс-шара жақсы ойластырылған. Қажетті дәрігерлердің барлығын кезіктіруге болады.

 

Дәрігерлер тұрғындардан қан алып, қан диабетіне сараптама жасады. Ақ халаттылар кейбір азаматтарға арықтаудың бірнеше тәсілдерін ұсынды. Кардиолог маман жүрек аурулары жөнінде кеңес берді.

 

Кирилл Көшербаев, облыстық кардиология орталығының дәрігері:

– Егер артериялық қысым мазалаған болса, бірден кәсіби маманға барыңыз деп кеңес беремін. Жыл сайын тексерістен өтіңіз. Егер қалыпты жағдайда қан қысымыңыз 140-тан асса, терапевке жүгініңіз. Гипертонияның 1-сатысында қысым 155-156-дан көтерілсе диета ұстаныңыз.

 

Оған қоса тұрғындар жылжымалы флюрографиядан өтті. Денсаулық аллеясында дәрігерлер 100-ден астам адамды қабылдап, кәсіби кеңес берді.

 

Берік Қасен