Спорт

Ауыратлеттер сайысы

Бүгінгі жасөсіпірімдер арасындағы додада зілтемір көтеруден ең мықты спортшы анықталмақ. Қостанай қаласының намысын қорғай келген 21 жасар Жадыра Қабиева өзінің нәзікжанды болғанына қарамастан осы спортта үлкен жетістіктерге жетіпті. Бойжеткен бұл жолғы сайыста 100 келі салмақты бағындырды.

 

Жадыра Қабиева, пауэрлифтингтен ҚР және әлем чемпионы, спорт шебері:

– Мен осы жылы мамыр айында Литваның Каунас қаласында паэрлифтингтен өткен сайыста әлем чемпионы атандым. Сол бірінші орын оңай тиген жоқ, қарсыластарым мықты болды.

 

Ақтөбелік 13 жасар Гаухар Утепова да зілтемір көтерумен айналысады. Ол қарсыластарынан озып шығамын деп мақсат қойған.

 

Гаухар Утепова, пауэрлифтингтен ҚР чемпионы:

-Мен Ақтөбеден осы сайысқа қатысуға келдім.

 

Бұл сындардан сүрінбегендер пауэрлитфтингтен Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алады.

 

Қанат Конуров, жарыстың бас төрешісі:

-Кеше ересектер арасында зілтемір көтеруден өткен сайыстың қорытындысын шығардық. Петропавлдың намысын қорғаған спортшылардың 3-уі спорт шебері атағын иеленді, ал халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері үмітімізді ақтап шықты. Николай Василенко ҚР чемпионы атанды.

 

Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан зілтемір көтеру және пауэрлифтингтің қорытындысы шілденің 7-сі белгілі болады.