Без категории

Астана күніне жас натуралистерден тарту

Ең алдымен мұнда келген мектеп оқушыларына осындағы қызметкерлер гүлдер жайында біраз әңгімелеп берді. Әрқайсысының отаны жайында айтып, қалай күтіп жасау керектігінен де хабардар етті. Содан кейін гүл шоқтарын жасау әдісі түсіндірілді. Байлам гүлдерге арнайы ыдысты да пішініне қарап таңдау қажет екен. Бұдан кейін оқушылар таза табиғаттың аясында гүл шоқтарын жасауға кірісті. Әрқайсысына арнайы ыдыстар мен қайшы және гүлдердің бірнеше түрі берілді. Олар: таушымылдық, кербезгүл, сарыгүл, қояншөп, көбелекгүл және тағы да басқалары. Таңдау көп.

 

Бүгінде Жас натуралистер станциясына 750 бала келіп жүр. Олар үшін 53 үйірме жұмыс істейді. Мұнда осындай шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Сол себепті, бүгін Астана күнін мектеп оқушыларымен бірге қызықты етіп атап өту ұйғарылыпты. Ал оқушылар өздері жасаған гүл шоқтарын Елорданың 15 жылдығына арнады.

 

Бану Ахметова