Без категории

Астана – достық және келісім қаласы

 

Бүгінде Астана – қарыштап дамып келе жатқан қала. Елордадағы тың өзгерістер әрбір ел азаматының бойында мақтаныш сезімін тудырады. Солардың бірі – Чингиз Курбанов. Ол Астана жас болса да даму тарихы мәнді де мазмұнды дейді.

 

Чингиз Курбанов, Әзербайжан мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары:

-Шетелде жиі боламын. Сондағы азаматтар осынша қысқа уақыт ішінде көркем, заманауи зәулім ғимараттар бой түзеген Астана жайлы көп сұрастырады. Сонда бойымды елім үшін үлкен мақтаныш сезімі билейді.

 

Астана – бейбітшілік пен келісімнің белгісі, әлемдік дінбасылар мен алпауыт елдердің саясаткерлері бас қосатын орда. Оның көптеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйі екенінде дау жоқ.

 

Юлия Гонтарь, «Видергебурт» неміс мәдени орталығының оқытушысы:

– Астана – көпұлтты қала. Жалпы, елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың татулығы жарасқан. Бізде әр халықтың өз тілін, ділін, салтын оқып-үйренуіне барлық жағдайлар бар.

 

Мағжан Ахмадина