Без категории

Солтүстікқазақстандық өнер иелері Астананы туған күнімен құттықтайды

Колледж қабырғасында 40 жылға жақын қызмет жасап жүрген Юрий Зайберт 15 жыл бұрын Астана қаласының тұсаукесеріне орай ұйымдастырылған той-думанда ән шырқаған екен. Бүгін бас қала – өнердің қазыналы ордасына айналды дейді ол.

 

Зайберт Юрий, “Өнер колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат” кешенінің оқытушысы:

– Барлық жерлестерімді, әріптестерімді Астана күнімен құттықтаймын. Елордамыз көркейе берсін, еліміз тыныш болсын.

 

Жиынға қатысушылар Астананың әсем суреттерін де тамашалап, патриоттық тақырыптағы әндерді тыңдады.

 

Қайырлы Ғафуров, «Өнер колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат кешенінің» оқытушысы:

-Бүгінгі біздің өнер колледжі және дарынды балаларға арналған мектеп- интернат кешенінде Астананың 15 жылдық мерейтойына орай педагогикалық кеңес өтуде.

 

Өнер колледжі қаламызда 1957 жылдан бері дарынды да талапты жастарды тәрбиелеп келеді. Қазір мұнда 103 оқушы мен 200 студент білім алуда.

Педагогикалық кеңес “Менің елім” атты патриоттық әнмен аяқталды.