Қылмыс

Қоғамдық көлік жүргізушісі нашақор болып шықты

 

Облыстық ішкі істер департаментіне Петропавл қаласының тұрғыны ірі көлемде героин саудалайды деген ақпарат  түседі. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің сыбайласы бар екені анықталды. Ол нашаны қоғамдық көлікте жұмыс істейтін ағасымен бірге сатып келген. Көлік жүргізушісі жұмыс орнында қолға түсті. Оған қоса иісшіл иттер сол жерден қолданылған инелерді деп табады. 37 жастағы күдікті заттардың өзінікі екенін бірден мойындап, героинді жарты жылдан бері қабылдап жүргенін айтқан.

Ағалы-інілі есірткімен қамтамасыз етіп отырған тағы үш петропавлдық ұсталды. Олардың бірінің ауласын тінту барысында салмағы 20 грамм ақ ұнтақ заты табылады. Тәркіленген героиннің барлық мөлшері – 42 грамм. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі болып саналады. Қазіргі кезде күдіктілер қамауда. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Қабира Мұхамбетова, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы:

– Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі қылмысына байланысты 59 факті тіркелді. 18-і өткізуге қатысты. Ал заңсыз айналымнан 57 келіден аса наша тәркіленсе, оның 5-уі – героин.

 

Ағымдағы жылы есірткі қолданып рөлге отырған 70 жүргізуші ұсталған.

 

Бану Ахметова