Без категории

Астанаға виртуалды саяхат

Астана күнін атап өтуде білім ұялары да шет қалып жатқан жоқ. Петропавлдағы 7-орта мектеп ұжымы Астанаға арналған жиынды интеллектуалдық түрде ұйымдастырыпты. Мұғалімдердің оқушыларға қойған сұрақтарында Елорданың қалыптасу тарихы барынша қамтылған. Балалар да өз кезегінде сыннан сүрінбеді. Мүдірместен жауап беруде. Оқушылар осылайша Бас қала жайлы білгеніміз толыға түсті дейді.

Елорда аз уақыттың ішінде гүлденіп, әлемге танылды. Ол өзінің ерекше сұлулығымен көз тартады. Жуырда Астананың дамуын мектептің 9 үздік оқушысы тамашалап қайтқан. Мұндай мүмкіндік тұрмысы төмен отбасы балаларына берілді. Жиын соңы “Здравствуй, столица” әнімен аяқталды.

 

Бану Ахметова