Астана күніне арналған мереке “Әлемге мақтан етем Астанамды!” деген атаумен орталық алаңда сағат таңғы 11-де басталады. Осы арада концерттер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері, фотосуретшілердің туындылары, кітаптар көрмесі өтеді. Ұлттық ойындардан да жарыстар ұйымдастырылады. Бір қуантарлығы – мемлекет көлеміндегі мерекеге қолы ашық кәсіпкерлер де атсалысып жатыр екен.
Жанар Жанғазина, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
-Елордамыздың туған күніне орай Петропавл қаласының жер-жерінде түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мейрамханалар жетім балаларды қонаққа шақырып, тәтті-дәмділерін ұсынады.
Сондай-ақ, шілденің 4-мен 8-і аралығында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан 2 мыңнан астам балаға мәдениет және демалыс паркіндегі аттракциондарға билет тегін беріледі.
Жанар Жанғазина, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
-Кешкі сағат 6-да Абай мен Пушкин ескірткіші жанында 20 домбырашы бір сәтте күй тартып, бірнеше композицияда керемет өнерлерін ұсынады. Сол маңда ұлттық тағамдар пісіріліп, баршасы ауыз тиеді.
Астананың туған күнінде Петропавлда той-думанның көркін қыздыру үшін 4 сахнажабдықталады. Бұдан басқа, Демалыс және мәдениет, Жеңіс саябақтарында, Пестрый көлінің маңында қойылымдар өтеді.
Қызыққа толы шараларды мерекелік отшашу тұйықтайды
Берік Қасен