Энергетика

Энергетиктер нормативтік шығындарды азайта түспек

2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық электр желілерін таратушы компаниялар жаңа әдісте жұмыс жасауда. Сараптамалық тәсіл 3 жылға енгізілген болатын. Бүгін энергетиктер осы жүйенің тиімділігін сезініп отыр. Олар нормативтік- техникалық шығындар алдағы уақытта біртіндеп азаяды дейді.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Біздің пайдаланып отырған нормативтеріміз 2013-15 жылдарға арналған. 16-шы жылға норматив бекітілмеген.Сондықтан департаментке электр желілерін таратушы мекеме 2016  жылдың шығындарын бекітуге өтінім жасады.Келекшекте біз шығындар көрсеткішін 12 пайызға дейін азайтуды көздеп отырмыз.

 

Нормативтік-техникалық шығындар көлемін 17,17 пайыздан 13,16-ға дейін кеміту құрылғыларды жаңарту мен желілерде жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында мүмкін болып отыр.

 

Вячеслав Утябаев, “СК РЭК” АҚ президентінің міндетін атқарушы:

– Жалпы, бұл шараларды қолға алу келешекте тарифтің өсуін ауыздықтауға, электр энергиясын үнемдірек пайдалануға септігін тигізеді.

 

Ағымдағы жылы кәсіпорын желілерді жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9 млн АҚШ долларын бөлуді жоспарлауда.

 

Мағжан Ахмадина