Без категории

Әсем Астанаға саяхат

 

Рима Хабибулина әсем қала Астананы көріп, тамаша әсер алған. Зейнеткерді Қазақстанның символына айналған “Бәйтерек” монументі ерекше қызықтырыпты. 97 метр биіктіктен көздің жауын алар керемет сұлулықты тамашалағанда бойыңды Елорданы көтерген Елбасының еңбегі мен халқымызға деген мақтаныш сезімі билейді деді аға буын өкілі.

 

Рима Хабибулина, зейнеткер:

– Астанада болуды мен баяғыдан ойлап едім. Сол асқақ арманым жүзеге асты. Барлық көрікті деген жерлерін араладық. Соңғы рет 80-ші жылдары болғанмын. Одан бері өте қатты өзгерген. Келбеті көз сүйсіндіреді.

 

Алғаш көргеннен-ақ, қала өзінің заманауи сәулетімен жүректі жаулайды. Субұрқақтар, алып ескерткіштер мен мүсіндік композициялар үйлесімділігімен таң қалдырады.

 

Борис Чупиков, зейнеткер:

– Мен өзім қаланың архитектуралық келбетіне таң-тамаша болдым. Әсем ғимараттар көздің жауын алады. Тап-таза, мін жоқ.

 

Астана – болашақтың қаласы. Еңселі Елорда – Қазақстанның қарыштап дамуының көрсеткіші. Бүгінде ол әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналғаны сөзсіз.

 

Нина Чупикова, зейнеткер:

-Астана 15 жылда осындай тамаша күйге енеді деп ойламадым. Барлық мәдени жерлерін араладық. Тұңғыш Президенттің мұражайы қатты ұнады. 18 залдың барлығын үлкен қызығушылықпен тамашаладым. Рухани байып, рахаттанып қайттым.

 

Еліміздің бас қаласына 3 жыл ішінде облыстан 400-ге жуық ардагер сапар шеккен. Бұл мақсатқа 4,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінген екен. Күзге дейін Астанаға тағы 100-і барады деп күтілуде.

 

Мағжан Ахмадина