Без категории

Тарихты оқыту проблемалары

 

Дөңгелек үстелге жиылған ЖОО тарихшылары өздерінің дайындап әкелген баяндамаларын оқуда. Әрбірінің ұлттың тарих жайында қозғап жатқан мәселелері сан алуан. Өйткені, өткенді білмей, болашаққа қадам баса алмайсың дейді олар.

 

Людмила Гривенная, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

– Мемлекет алдында жаңа тапсырмалар тұр. Соның бірі – Қазақстан халқының бірлігін дамыту мен Ұлттық бірлік доктринасын жүзеге асыру. Бүгінгі дөңгелек үстелде бұның мәні мен маңызын талқылаймыз.

 

Ал, Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Зәуреш Сақтағанова орта білім беретін мектептер мен ЖОО-да оқулықтардың жетіспеушілігін, әдістемелік базаның ақсап тұрғандығын сөз етті.

 

Зәуреш Сақтағанова, Е.Бөкетов атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы:

– Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы оқулығында фактіге байланысты көптеген қателіктер кездесіп жатады. Бұған жол бермеу үшін зерттеу институттары осы мәселені қадағалау керек деп ойлаймын. Өйткені, оқулықтағы олқылықтар мұғалімдер мен студенттердің қателесуіне жол береді.

 

Дөңгелек үстелге жиналған тарихшылардың арасында тарих пәнінің мұғалімі Қанат Омаров та бар. Ол білікті мамандармен осындай жиындарды өткізу – тәжірибеміздің шыңдалуына сеп болады дейді.

 

Қанат Омаров, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:

– Дөңгелек үстел біз үшін маңызды. Бізге өткеннің тарихын білу туралы айтып жатыр. Бұл жас ұрпақтың тарихты білуі үшін.

 

Аймақаралық дөңгелек үстелде, сонымен қатар, бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан Қазақстан халқының мызғымас достығы да әңгіме өзегіне айналды. Осы тыныштықты сақтау үшін барлығымыз бірігіп әрекет етуіміз керек деді жиынға қатысушылар.

 

Бану Ахметова