Спорт

Су берушілер жарыс жолына шықты

 

“Қызылжар су” ЖШС-ң ұжымы жүгіру, эстафеталық ойын, кедергілерден секіру сынды спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Бұл жолғы жарысты олар табиғат аясында өткізуді жөн санапты. Оған жалпы саны 74 адам қатысқан.

 

Сергей Визеров, «Қызылжар су» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

-Қазір Елбасымыздың қолдауымен Қазақстан азаматтары денсаулықты жақсартуға көп көңіл бөлуде. Солардың қатарында біздер де бармыз. Себебі, біздің жұмысымыз ара-тұра спортпен шұғылдануды қажет етеді.

 

18 бен 35 жас аралығындағы спортшы сушылар 1,5 қашықтыққа жүгіруден шамаларын байқап көрді. Бұл сында жас жігіт Дархан Ташкенов желаяқтығымен танылды. Ол барлығын шаң қаптырып кетті.

 

Дархан Ташкенов, «Кызылжар су» ЖШС темір ұстасы:

– Осы Астанамыздың туған күніне орай өткізіліп жатқан шараға қатысып, бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Барлық қазақстандықтарды осы Астана күнімен құттықтаймын.

 

Бұдан басқа тағы 2 команда өзара сайысқа түсті. Аға буын өкілдері жүгіру, қарғып секіру сынды ойын түрлеріне қатысты. Соның бірі – Николай Охотников. Ол жасы елуден асса да, спортқа жаны құштар.

 

Николай Охотников, «Қызылжар су» ЖШС бөлім басшысы:

– Жүгіру қиынға соқты, сондықтан, аяңдап жүгірдім. Бірақ, ерік-жігерімнің арқасында межелі мәреге не де болса жеттім.

 

Кейін кілең капитандар ғана тартысты. Олар қарсыласының шарын бір аяғымен басып жару тапсырмасын алды. Бұл сын да қорытындыланды. Ешкім елеусіз қалған жоқ. Шара қорытындыланып, соңында «Кәріздік желі» командасы “Ең керемет ұжым” аталымы бойынша 1-ші орынға ие болды. Одан кейін келесі орынға «Су торабы» жайғасты, үздік үштікті «Су өткізу қызметі» тұйықтады.

 

Берік Қасен