Әр түрлі

Шілденің 9-ы Ораза басталады

Жиында “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатарына алғыс хаттарын табыс етті. Марапаттау рәсімінен кейін дөңгелек үстел басында адами құндылықтар  жайында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, суицизм, нашақорлық және теріс ағымдар туралы мәселелер де қозғалды.

Болат Қожахметов, “Солтүстік Қазақстан” облыстық газеті редакторының орынбасары:

– Дінаралық татулық деген – ең басты мақсат. Ислам діні – ең бейбіт дін. Сондықтан, бейбітшілікті сақтауда ислам дініне үлкен міндет жүктеледі. Сол міндеттерді атқарып отыр.

Сонымен қатар, жиында жетім балалардың бүгінгі жайы да сөз болды. Осы орайда орталық мешіт ұжымы алдағы жоспарларымен бөлісті. Олар Білім күні қарсаңында жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларға арнап қайырымдылық шарасын өткізетіндерін айтты. Сондай-ақ, Алла үйінің жанынан имамдардың баспанасы салынбақшы екен. Қазір “Қызылжар” орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына қазу әзірлік жүріп жатыр. Ауыз бекіту шілденің 8-нен 9-на қараған түні басталмақ. Ал пітір садақасы адам басына 150 теңге.

 

Бану Ахметова