ТЖ

Петропавлда көпқабатты үйде шыққан өртте бір тұрғын қаза тапты

 

20 адамды өрт сөндірушілер сыртқа шығарса, тағы 7 адамды арнайы техниканың көмегімен құтқаруға тура келді. Мына әуесқой бейнетүсірілімде нақ осы кадрларды көруге болады. 11 жасар Дима өрт шыққан үйден бір қабат жоғары тұратын көрінеді. Баспанаға түтін кіріп, мені құтқарушылар терезеден алып шыққанда өте қорқынышты болды дейді бала.

 

Дмитрий Курдыбайло:

Үй жана бастағанда мен тамақ ішіп отырғанмын. Терезе ашық тұрды. Түтін кірді. Пәтерден шығуға мүмкіндік болған жоқ. Үйде жалғыз болатынмын. Кейін өрт сөндірушілер келді. Ең алдымен көршімді, сосын мені құтқарды.

 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер бірден жетті. Бірақ аулаға қойылған көліктердің кесірінен арнайы техника кіре алмай, біраз уақыт жоғалтқан. Соған қарамастан 2 өрт сөндіру бөлімдері мамандарының сапалы жұмысы арқасында от ошағы жарты сағатта ауыздықталды.

 

Марат Мұратов, СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі кезекшілік бөлімі жетекшісінің аға көмекшісі:

-Өрт жайлы ақпарат 10:56 кеткенде түскен. Оқиға орнына бірден 2-ші өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары мен 1- ші бөлім қызметкерлері аттанды.

 

Өкінішке қарай пәтерде қалған үй иесін аман алып қалу мүмкін болмаған. Өрттың шығу себебі анықталуда.

 

Мағжан Ахмадина