«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»

Қоғам

18:40 28 Маусым 2013

Бүгінде өңірімізде 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Мұндай азаматтардың белсенділігін арттыру маңызды. Игі шаруаны атқаруға барлық қазақстандық үлес қосқаны жөн. Елімізде жарым жандардың өнерлерін көрсетуге әрқашан да жол ашық. Маусымның 7-і республикамызда «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деген байқау басталды.

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

-Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды сан қырынан таныту. Барлық азаматтардың құқығы тең. Барлығымыз да бірдейміз. Бүгіннен “Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» конкурсы біздің облысымызда да басталды.

Өңірлік кезең тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында өтпек. Облыстағы мүгедек жандар 10 аталым бойынша бақтарын сынай алады. Жиынға қатысқан қоғамдық бірлестіктердің мүшелері де байқаудың маңызы зор екенін тілге тиек етті.

Светлана Бусыгина, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ СҚОФ төрайымы:

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың көбі қоғамдық шараларда белсенділік танытады. Біз өз мүмкіндігімізді көрсеткіміз келеді. Жұрт бізді кемсітпесе екен деп тілейміз. Мұндай бауқаулардың біз үшін маңызы зор.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары тиісті ведомстволарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, туризм және дене шынықтыру, жастар саясаты жөніндегі, ішкі саясат, балалар құқығын қорғау, мәдениет және білім басқармаларына шараны ұйымдастыруды тапсырамын. Аудандар және қала әкімдері тиісті жұмыстарды атқарсын. Жоспар құрыңыздар.

Сынның ақтық кезеңі қазан айында Астана қаласында өтпек.

Айдана Демесінова

Бұдан әрі оқыңыз

ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына биыл – 28 жыл
Есіл ауданындағы қар тазалау жұмыстары
Игорь Дементьев өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Петропавлда су құбыры жарылды
Қалада үш балабақша сенімді басқаруға берілді
Православ сеніміндегілер Крещение мерекесін атап өтеді
Мемлекет басшысының мақаласы жарық көрді
Айыртау ауданында “Ашық әкімдік” фронт-офисі жұмысын бастады
Колледж студенттері қала көшелерін безендіруде
Шаһарда “Эталон меха” көрмесі өтуде
“Ватрушкалар” қаншалықты қауіпті
40 жастағы азамат жұмыс орнында жарақат алды