ТЖ

Су құрбандары

 

 

Биыл мамыр айы салқын болды. Бірақ жағажайды сағынған жерлестеріміз суға шомылуды мамырдың ортасынан бастап кеткен. Сөйтіп, жыл басынан 17 адам судың құрбаны болды. Олардың тең жартысы суға мас күйінде кіріп, ыстығын баспақ болғандар.

 

Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда-құтқару қызметінің басшысы:

– Жыл басынан қайтқандардың ішінде 1-еуі бала. 5  қайғылы оқиға балық аулап жатқанда болған. Көбі өзен-көлдерде шұңқыр жерлердің барын білмейді. Шомылып жатқан адам оған тап болса, құтылып шығуы екі талай.

 

Соңғы үш жылда суға бату фактілері Есіл өзенінде тіркеліп отыр. Қайғылы жағдайлар шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алған. Сондықтан да құтқарушылар өзен-көлдерді кезекпен күзетуде. Сөйтіп, осы уақытқа дейін 30 адамды ажал аузынан арашалап қалған.

 

Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда-құтқару қызметінің басшысы:

– Тұрғындар өзен-көлдердің жанына дем алуға барады. Ішімдік ішіп, рұқсат етілмеген жерде шомылады. Ішімдік шомылуға бет алған адамның түбіне жетуі мүмкін. Сондықтан да біздің қызметкерлер Пестрое көлі мен Есіл өзенінде таңғы 9-дан кешкі 11-ге дейін кезекшілік етуде.

 

Сақтансаң-сақ боласың. Бұл қағиданы үлкен-кіші есінен шығармауы керек дейді құтқарушылар. Әсіресе ата-аналар балаларын ерекше бақылағаны дұрыс.

 

Бану Ахметова