Балалар

Еріктілер Елбасы Жолдауын насихаттауда

 

Кітапша, үнпарақ, жалауша, брелок пен бейсболка. Олардың бәрінде “Қазақстан-2050” деген жазу бар. Белсенді жастардың жұмылуымен Елбасымыздың Жолдауына қатысты сұрақтаға мүдірмей жауап бергендерге және атсалысқандарға таңбаланған осы заттар тарту етілді. Акцияны СҚО ішкі саясат басқармасының қорлдауымен «Әлем» волонтерлық орталығы ұйымдастырған. Ел арасында сауалнама жұмыстарын өткізетін еріктілер құрамында 4 адам.

 

Яна Федорович, “Әлем” “Еріктілер орталығы” ЗТБ директоры:

-Халық арасында сауалнама жүргізу арқылы біз Президент Жолдауының халыққа қаншалықты жеткендігін бағамдай аламыз. Қазіргі таңда Мамлют, Шал акын, Ақкайың сынды 6 ауданда болдық. Кейін 7 ауданды толықтай аралап шыққаннан кейін нәтижесі айқын болады.

 

Жолдаудың көздегені халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Жетістіктерді қорытып, жаңа белестерді бағындыру. Игі шараға бұны жақсы түсінетін жастар көптеп тартылды. Президент жарқын ел болашағының іргесін қалауда осы өскелең ұрпаққа сенім артады. Ол үшін жастарды білім қуумен қатар елжанды болуға шақырады.

 

Любовь Есенина:

-Біз Елбасымыздың сарабдал саясатын құптаймыз. Оның Жолдаулары жақсы. Ең бастысы еліміз тыныш, барлығымыз тату -тәтті тұрып жатырмыз.

 

Әр қатысушы сауалнама параққа маңызды құжат жайында ойын түртіп, кейбір сұрақтарға жауап берді. Бүгінің өзінде Бескөл елді мекенінде сағат 11-ге дейін Жолдауға қатысты 300 адамның пікірі сұралды. Сауалнама барысында оның жартысынан астамы Елбасы Жолдауымен жақсы таныс екендіктерін байқатты. Жалпы акцияға жоспарлы түрде мыңнан астам адам қатыстырылады.

 

Берік Қасен