Әр түрлі

Роботтар көрмесі

 

Роботтар Жапония мен АҚШ-тан әкелінген. Олардың әрқайсысы өзіндік іс- әрекетімен, қимылымен ерекше. Мұнда мултьфильм кейіпкерлері, 200 -ге тарта бағдарлама орындай алатын 16,5 см ғана болатын Гиннестің рекордтар кітабына енген ең кішкентай адам тектес робот, жануарлар, түрлі техника тіпті әнші Элвис Преслидің роботы да бар. Көрмедегі жиырма роботтың бірі қызықтауға қойылса, кейбірін тұрмысқа пайдалануға болады. Мысалы, мына робот күзетші қызметін атқара алады, енді біреуі бала бағуда алдына жан салмайды. Мұндағы экспонаттардың ішінде екі динозаврды ерекше атап өтуге болады. Олар маңайдың бәрін толықтай көреді, адамның дауысын естиді және сипағанды сезеді екен. Мұндай көрме қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Алматы, Қарағанды, Өскемен сынды 8 қаланы аралаған көрме, еліміздің барлық облыстарында көрсетілмек.

 

Денис Юн, экскурсия жетекшісі:

-Роботтар өте оңай басқарылады. Кейбіріне дыбыстық, қимылдық сканерлер орнатылса, екіншілері қарапайым тетік көмегімен басқарылады. Бұлардың көбі зауытта бағдарламаланған. Ал кейбірін өзіміз үйреттік.

 

Көрме қыркүйек айына дейін жалғасады.