Без категории

Игібай Әлібаевқа арналған әдеби-музыкалық кеш

 

Бүгін оқырмандар ақын, сазгер, актер Игібай Әлібаевтың өнегелі өмірімен, шығармашылығымен жан-жақты танысып отыр. Шараға атсалысқандар дара тұлғаның шығармашылық жолын баяндаса, кейбіреулері әншілігі, өнерпаздығы жайлы сөз етті. Келіні Баян Әлібаева немересі мен шөбересін ерте келген. Балдызы Шаншар Жекеев те осы жиында.

 

Шаншар Жекеев, Игібай Әлібаевтың балдызы:

-Бұл  – халықтың Игіекеңе деген құрметі. Ол кісінің өнеріне табынушылығы шығар деп есептеймін. Көп жерлерде мұндай іс-шаралар өтіп жатыр. Осы жыл бойы өтуге тиісті.

 

Игібай Әлібаев 1903 жылы СҚО, Жамбыл ауданы, Айтуар ауылында дүниеге келген. 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып келгеннен кейін Петропавл педагогикалық училищесін бітірген. Кейін 30-шы жылдары М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында актер болып қызмет істеген. Ақын, бірнеше рет республикалық, облыстық айтыстарда жүлделі орындарға ие болған. Көбіне, туған жер тақырыбында қалам тербеген. Қаламы ұшқыр азаматтың өлеңдері жергілікті ақын Аманжол Зағыпарұлына жақсы таныс. Кейбіреулерін мектептегі оқушыларына да оқытады екен.

 

Аманжол Зағыпарұлы, ақын:

– Ол кісі өңірімізге көптеген қызметтер атқарған. Тек ол актерлікке, ақындыққа ғана емес, жалпы ұлт мәдениетіне де зор үлес қосқан адам болатын Сол кісінің «Туған жерім -Айтуар» өлеңін оқып берейін.

 

Ақын осыдан 35 жыл бұрын көз жұмды. Ағымдағы жылдың тамыз айында оның туған жері Айтуарда ас берілмек.