Ауа райы

“Адам. Заң. Әділет” байқауы

 

 

 БАҚ өкілдері мен сот қызметкерлері арасында жарияланған байқау 6 аталым бойынша өтті. Сөйтіп, “Объективтік құқық” аталымына Муниципалдық телеарнаның тематикалық бағдарламаларының шеф-редакторы Ольга Попова лайық деп табылды.

 

Ал, “Үздік телевизиялық материал” аталымында “Қазақстан-Петропавл” телеарнасының тілшісі Наталья Аитова үздік атанды. Наталья “Личность” бағдарламасында судьялардың қиындыққа толы жұмысын жан-жақты зерттеген.

 

Наталья Аитова, “Қазақстан-Петропавл” телеарнасының тілшісі:

-Біздің жұмыс жан-жақтылықты талап ететін іс. Әр түрлі адамдармен танысып, түрлі тақрыпта хабар таратамыз. Біздің арнада айына бір рет шығатын “Личность” бағдарламасында мен облыстық соттың судьясы Елена Максюта жайында айтқан болатынмын. Ол кісінің жұмысымен танысу үшін маған екі күн қажет болды. Тек жұмысын ғана емес судьяны өзге де қырынан көрсетуге тырыстым. Бірақ, бұл жұмысыммен жеңіске жетемін деп ойламадым. 

 

Байқауға қатысушылардың кейбірі құрмет грамотасымен марапатталды. Арасында кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың кеңсе меңгерушісі Жұлдыз Оспанова да бар. Ол адам құқығын қорғау мәселесі бойынша жазған мақаласын жіберіпті. Бұдан кейін алғыс хаттар да өз иелерін тапты.Жалпы, бұл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің қатары шамалы. Тек 10-нан астамы ғана өз жұмысын жіберген екен.

 

 Галина Воробьева, Қазақстан Журналистер одағы СҚОФ төрайымы:

– Сайыс былтырғы жылы тек БАҚ өкілдерінің ғана емес сонымен қатар судьялар арасында жарияланған болатын. Сондықтан да бүгін байқауға қатысушыларды марапаттап жатырмыз. Және барлық БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.  

 

Өңірімізде БАҚ өкілдерінің арасында “Адам. Заң. Әділет” байқауы алғаш рет өткізіліп отыр.

 

 Бану Ахметова