ТКШ

Отбасы қаражатын үнемдеу

 

 

 

 

К.Сүтішев көшесіндегі 49-шы үйдің тұрғындары өткен жылдың қазан айында жылу есептегіш құралын орнатыпты. Сол уақыттан бері пәтер иелерінің әр қайсысы айына 456 теңге шығарып, құрылғының құнын өтеп жатыр.

 

Борис Власов, «Карим» ПИК төрағасы:

-Есептегіш құрылғысын өткен жылы орнаттық, 380 мың теңге шықты. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының арқасында барлығымыз қаражатты бөлеп төлеудеміз.  

 

Ирина Яуфман екі бірдей ПИК төрайымы. Оның қарамағына 7 көпқабатты үй кіреді. Солардың 5-іне өткен жылы есептегіш құралдарын орнатқан. Бір үйді аталмыш құрылғымен жарақтауға бұрындары 245 мың теңге төлесе, қазір бұл баға 385 мың теңгені құрап отыр. Құрылғыны орнату қызметінің құны өзгермепті. Тек қондырғының өзіндік бағасы жыл санап артуда.

 

Ирина Яуфман, «Эврика» және «Снабженец» ПИК төрайымы:

-Біз ескірген қондырғыларды жаңаларына алмастырдық. Есептегіш құрылғылардың тиімділігі көзге көрініп-ақ тұр. Желтоқсан-қаңтар айларында ғана тұрғындар көбірек төледі. Ал қалған уақыттарда жылуға төленетін қаржы аз болды.

 

Жалпы қала бойынша 28 пайызға жуық тұрғын үйлер жылу есептегіш құралдармен қамтылған. Қазан айында дейін тағы 60 шақты баспанаға құрылғы орнату көзделуде.

 

Нелли Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:

-Біз 50 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерді алып есептеп көрдік. Тұрғындар жылыту маусымында 10 мың теңгеге дейін үнемдейді екен. Көріп отырғанымыздай есептегіш құралдарын орнату ең алдымен тұрғындар үшін тиімді. Сондықтан әлі де қондырғыларды орнату жұмыстары жалғасатын болады.

 

Жалпы жылу есептегіш қондырғылары бар тұрғындар мұндай құрылғыны орнатудан бас тартқан пәтер иелеріне қарағанда энергетиктердің қызметіне 20% аз төлейді дейді сарапшылар. Есептеу құрылғысын орнатқан заңды тұлғалар үшін де тариф босату құнынан 8,2% төмен.