Без категории

«Ақынның қайта оралған есімі»

 

 

 Алаш көсемдерінің бірі- қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 120 жыл толады. Осыған орай Шухов атындағы орталық кітапханада «Ақынның қайта оралған есімі» атты конференция өтті. Жиыналғандар Мағжанның шығармашылығы мен өмірі, ұрпаққа қалдырған мол мұрасы жайлы әңгімеледі.

 

Ләззат Ерғожина, И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың меңгерушісі:

-Шараның мақсаты- жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың шыңғармашылығын насихаттау. Оқырман қаумыға еңбегін паш ету. Жастарды ақынның қалдырып кеткен мол мұрасымен таныстыру.

 

Мағжан Жұмабаев – философ ақын. Оның шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен айрықша жаралған дүние. Бүгінгі таңда жастар да Мағжан шығармашылығын тереңінен талдап, оқуда. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 7 жыл қатарынан Мағжантану дәрістері жүргізіліп келеді. Ол да жерлес ақынның еңбегіне қанығуға жол ашпақ.

 

Жанар Құлыбекова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Тіл және әдебиет институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты:

– Бізде мағжантану атты пән бар. Онда біз ақынның жан- жақтылығын студенттерге көрсетуге тырысамыз.

 

Мағжан тілінің дәлдігі, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше қасиетін байқатады. Сондықтан да болар ақын туындылары елімізде ғана емес сонымен қатар шетелдерде де танымал.

 

Болат Сағындық,ақын:

-Біздің жерлесеміз Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын елімізде ғана емес, сонымен қатар Түркия елінде де жақсы таниды. Әрине шетелде ақынымыздың туындылары насихатталып жатқаны қуанышты.

 

Сонымен қатар мұнда ақынның еңбектері қойылған «Болашаққа ұмтылдырған сөз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 Айымгүл Әбілева