Қоғам

Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы

 

 

Жалпы алғанда өңіріміздегі ардагерлер саны 100 мыңға жуық. Бүгінде олардың 67-сі облыстық ардагерлер ұйымына мүшелікке енген. Осы жолы өткізілген 4-ші пленумға олардың 59-ы қатысты. Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды. Елбасының жолдауында көрініс тапқан басым бағыттардың жүзеге асырылуы да назардан тыс қалмады. Көнекөз қарияларымыз оған өз үлестерін қосуға қашанда даяр. Күш – қуатымыз келмесе де, жастарға айтар ақыл-кеңесімізді аямаймыз дейді аға буын өкілдері.

 

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 

-Бейнетіңнің зейнетін көр деген нақыл бар. Ол мына залға жиылған аға буын өкілдеріне айтылған сөз. Алайда жастары егде тартса да бұл жандар, бүгінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында келеді. Тағдырдың тағылымын бастан өткерген, өмірлік тәжірибелері мол.

 

Осыған дейін облыстық ардагерлер кеңесіне тиесілі кеңсе болмаған. Бұл мәселе де осы жылы шешімін тапты. Қазіргі күні аталмыш кеңеске облыстық мәслихатттың бірінші қабатынан 9 бірдей бөлме беріліп отыр. Ол заман талабына сай жабдықталған. Бұл біз үшін үлкен қуаныш дейді аға буын өкілдері. Үлкенге ізет. Аға буын өкілдеріне құрмет көрсету өзінің маңыздылығын ешқашан жойған емес, жоймайды да. Себебі олар біздің ақылшымыз, арқа сүйер тірегіміз.

 

Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:

-Облыстық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Қандай жұмыс болмасын үнемі алдывңғы қатардан табыласыздар. Сіздердің өмір мектептеріңіз мықты,оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде күш-жігерлеріңізді аямайтындарыңызға сенім мол.

 

Бұл жолғы жиында облыстық кеңес төрағасының орынбасары да сайланды. Ол міндетті ендігі жерде Анатолий Корабельников атқармақ. Пленум мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.

 

Самат Есмағи