Салық басқармасы

Шетелде демалғың келсе, борышыңды өте!

 

Салық басқармасының қызметкерлері қарызға белшесінен батқандарға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолданады екен. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – борышкерлердің мүлігін сату арқылы мемлекетке тиесілі соманы өндіру болып табылады. Жуырда тағы бір жаңашылдық енгізіліпті. Енді қарызы бар азаматтар шекара асып, шетелге бара алмайды. Үстіміздегі жылдан борышкерлерге ел аумағынан шығуға тыйым салынды.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы борышкерлердің ҚР-нан шығуын уақытша шектеу туралы облыстық сот актілерін орындау департаментіне хат жолданды. Сондай-ақ қарызы бар азаматтардың тізімі туристік агенттіктерге жіберілді. Сондықтан жерлестерімізден салықты уақытында төлеуін сұраймыз.

 

Бүгінде облыс бойынша салықты уақытылы төлемегендердің саны 19 мыңға жетіпті. Қарызын өтеуден жалтарып жүргендердің тізімін арнайы сайттан да білуге болады.

 

Борышкерлер тізімінде бар не жоқ екеніңізді СҚО бойынша салық департаментінің www.salyk.sko.kz <http://www.salyk.sko.kz> сайтынан қарай аласыздар. Сондай-ақ Петропавл қаласы, Мир көшесі 85 мекен-жайындағы 121 кабинеттен сұрауларыңызға болады.

 

Жаңашылдық жайлы жерлестеріміз не ойлайды, тұрғындарымыз бұл бастаманы қолдай ма?

 

-Мен дұрыс деп ойлаймын. Алдымен бюджетті толықтыруға көмегі болады.

-Шетелге шығатындар үшін шынында да  күші бар,  ал шетелге шықпайтындарға оның ешқандай да әсері жоқ.

-Салықты уақтылы төлеген жөн. Қазақстанның азаматтары заңды сыйлауы керек .

Айдана Демесінова