Спорт

Шағын футбол чемпионаты

Турнирддің алғашқы күнінен «Қарасай» стадионы аяқдоп әуесқойларының қызу тартыс алаңына айналды. Ақтық сын мәресіне жетпейінше кімнің мысы басатынын дөп басып айту қиын болды. Барлығы 10 құрама өзара мықтыны анықттауға бел буған. Атап айтсақ, ІІД, ҰҚК, Президенттің күзет қызметі мен кедендік бақылау органдарының мамандары шеберлік таластырды.

 

Николай Князев, «Динамо» Дене шынықтыру және спорт қоғамы спорт басқармасының басшысы:

-Әр команда жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Қорытынды сынға ҰҚК мамандары мен кеденшілер құрамасы шықты. Әзірге ойын тең өтуде. Егерде қос қарсылас негізгі уақытта бірін-бірі ала алмаса, пенальти тағайындалады.

 

Қосымша уақыттан кейінгі төреші ысқырығы бұл айтылғанның жаны бар екенін танытты. Қорытынды есеп 5-5. Кездесу тағдырын айып доптары шешті. Бұл сында ҰҚК әуесқой аяқ доп шеберлері қақпа саңылауын дәл таба білді. Өстіп жеңісті кеденшілер жалғаса, үздік үштікті ІІД жігіттері тұйықтады. Жеңімпаздар кубок, дипломмен марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болды. Тартысты жарыс Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды.

 

Жеңіс Ермұқанов