Білім

Талапкерлердің құжаттары қабылдануда

 

Түлектер құжаттарын маусымның 20-нан тамыздың 25-не дейін тапсыра алады. ЖОО-ның студенті атану үшін ҰБТ-ден 50 жоғары ұпай жию шарт. Ал шілденің 23 -31 аралығында мемлекеттік гранттар тағайындалмақ. Тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған түлектердің есімі тамыздың 10-ы анықталады.

Бұнда СҚМУ қатар басқа да ЖОО-на құжат тапсыруға болады. Нұрбол былтыр ҰБТ-ден қажетті балл жинай алмай, бір жылын зая кетірген. Биыл ол Петропавл жоғары әскери институтына құжат жинап кешенді тестілеуге дайындалуда.

Биыл мектеп бітірген түлектер мен орта кәсіби білімі бар жастар да ЖОО-на түсе алады. Дегенмен олар шілденің 17- 23 аралығында кешенді тестілеуден өтуі тиіс. Қабылдау комиссиясының жұмысы тамыздың 25-не дейін жалғаспақ.

 

Біржан Қойшыбаев