Қоғам

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады

 

Адам денсаулығына қауіп төне қалған жағдайда алғашқы болып көмекке жедел медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері келеді. Тәулік бойы тынымсыз адам өмір үшін күресетін жандардың жұмысы оңай емес. Бұл жерге бір тәуліктің ішінде 300-ге тарта шақырту түседі. Хабарласқан әр науқастың қоңырауы қас-қағым сәтте базаға енгізіліп, кезекші топ 3 минуттың ішінде науқастың шақыртылған мекен-жайы бойынша көмекке шығады. Күнің ыстығынан әсіресе балалар мен қарт адамдардың тыныс алуы қиындайды және тамыр жиі соғып, қызуы көтеріледі.

 

Татьяна Петрова, облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының қоңыраулар қабылдау фельдшері:

-103 нөмірі бойынша қоңырау түскеннен кейін кезекші диспетчер маған науқас туралы анықтама береді. Мен оны қарап аурудың түрі бойынша арнайы мамандандырылған кезекші дәрігерге тапсырамын.

 

Күннің күрт ысуына байланысты дәрігерлер көмегіне жүгінушілер саны артып келеді дейді ақ халаттылар. Шақыртулардың көп болатындығы сонша тіпті кей уақыттарда үлгере алмай жататын жайттар да кездеседі екен. Сондықтан облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында қосымша, арнайы мамандандырылған кардиологиялық 3 бригада құрылған.

Жыл басында бұл орталыққа жаңадан 6 жедел көмек машинасы берілген екен. Алдағы уақытта 4 заман талабына сай автөкөлік әкелінбек. Алайда әр азамат өз өміріне өзі сақ болғаны жөн.

Біржан Қойшыбаев