Қоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Үкіметтің бақылауында

 

 

Үстіміздегі жылғы сәуірдің 15-де Елбасы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңға қол қойған болатын. Заң жобасының басты жаңалығы мемлекеттік қызметтің ашықтығында. Яғни, көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына тұтынушы тарап баға береді, бақылайды.

 

Нелли Кукушкина, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ жанындағы Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігін бақылау және мониторинг жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы:

– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы  мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасының жақсаруы халықтың әлеуметтік- экономикалық деңгейінің өсуіне әкеледі.

 

Бүгінгі таңда СҚО бойынша 113 мемлекеттік қызмет түрі ХҚКО арқылы жүзеге асырылса, тағы 37 қызмет пилоттық жоба ретінде қарастырылуда. Алғашқы болып жаңашылдыққа білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары, әділет органдары мен прокуратура қызметтері көшкен. Қазіргі күні электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтердің 50 пайызға жуығы көрсетіледі. 2014 жылға қарай бұл көрсеткшті 100 пайызға жеткізу көзделуде.

 

Қайрат Асқарбеков, ХҚКО директорының м.а.:

-Электрондық портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бүгінгі таңда өте тиімді болып отыр. Бұл ұзын-сонар кезектердің болмауына және бір жерден ғана анықтама алуға мүмкіндік береді.

 

Үкімет қаулысына сай 572 мемлекеттік қызмет түрі ХҚКО арқылы көрсетілетін болады.