Спорт

Қайықшылар шеруі мәресіне жетті

 

Балықшылар мемлекеттік туды желбіретіп, суда үрлемелі резеңке қайықпен 300 шақырымды бағындырды. Патриот азаматтар ҚР-ң рәміздері күнін осылай ерекше атап өтуді жөн көрген.Олар әуелі әдеттегідей көпшілікпен балық аулауға шығамыз деп ойлаған. Бірақ, бәрі бұны өзара талқылай келе сүйікті істі мемлекеттік мерекемен ұштастыруды жөн көріпті. Есіл регатасына белгіленген мерзімде мәре сызығын кесу үшін бір тәуліктің ішінде 10 сағаттан жүзуге тура келген. Регатаның ұйымдастырушысы Василий Бородай осындай алыс жолға тұңғыш рет шықтық дейді.

 

Василий Бородай, «Есіл» регатасының ұйымдастырушысы:

атты ағыстар көп кездесті. Тіпті, кейбір жерлерде жағалаумен өтуге тура келді. Алайда барлық қиындықты өткердік.

 

Қатысушылардың айтуынша, жолда түрлі қиындықтарға да тап болыпты. Қатты ағыс пен құндыздар жолды тежепті. Бұл саяхат есте қалары анық. Он күн бойы регата мүшелері тамаша табиғат аясында қонып, өзеннен балық аулап тамақтанған. Сергеев су қоймасынан өткен кезде тамаша көріністің куәсі болдық,-дейді.

 

Артем Дубровский, «Есіл» регатасына қатысушы:

– Облысымыздың табиғатын көру үшін әдейі регатаға қатысуға бел будық. Тамаша саяхат жасап келдік.

 

Қиындығы мен қызығы қатар жүрген саяхаттан мол әсер алған қайықшылар тобы келер жылы да осындай шара ұйымдастырмақшы.

 

Біржан Қойшыбаев